Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр: Әлемде коронавирус жұқтырған науқастардың саны ұсынылған статистикадан әлдеқайда көп болуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифинг барысында коронавирус жұқтырғандар саны статистикада көрсетілген сандардан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр үйінде ауырып жатқан, дәрігер көмегіне жүгінбеген, тест тапсырмаған науқастарды есептеген кезде коронавирус жұқтырғандардың саны әлдеқайда көп болуы керек екенін жеткізді. Бұл біздің елдегі ғана емес бүкіл әлемде орын алып отырған мәселе деп түсіндірді министр. 

"Әлемдік статистикада көрсетілген сандар толық науқас санын қамти алмайды. Сондықтан елімізде де коронавирусты жұқтырған науқастардың саны көп болуы мүмкін. Нақты ақпарат ұсыну мүмкін емес, өйткені халықтың көп бөлігі тест тапсырған жоқ. Дегенмен, бұл ешқандай ауру белгісі жоқ адамдар да тест тапсыру керек деген сөз емес", - дейді Алексей Цой.

Дегенмен, Қазақстанда басқа мемлекеттерге қарағанда ПЦР тестпен халық жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілгенін жеткізді ол. 

"Қазақстан ПЦР тестпен қамту бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тізіміне енді. Алайда, қазіргі мақсатымыз тест тапсыру емес, симптомсыз науқастардың жағдайының нашарламауын қамтамассыз ету мен жағдайы ауыр науқастардың жағдайын жақсарту", - дейді министр. 


Талқылау