"Шығын 29 миллиард теңгеден астам": Миллиардер Джефф Безос пен сүйіктісінің тойы Венецияда сән-салтанатымен өтті
Фото: Іnstagram.com/laurensanchezbezos
27 маусым жұма күні кешке Венецияда миллиардер Джефф Безос пен оның қалыңдығы Лорен Санчестің үйлену тойы өтті. Ерекше сән-салтанатпен өткен тойдың шығыны шамамен 56 миллион долларға жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерлі-зайыптылардың қуанышының құрметіне Венеция әуежайына ондаған жекеменшік ұшақтар қонды, ал әйгілі венециялық каналдарда сән-салтанатты яхталар жұзіп жүрді. Бұл салтанатты шараға спорт жұлдыздары, атақты адамдар, инфлюенсерлер мен бизнес көшбасшылары жиналды. Бұл үйлену тойы жұптың махаббатын ғана мен олардың асқан байлығын да көрсетті.
Италияның Венето аймағының губернаторы Лука Дзайя Джефф Безос пен Лорен Санчестің үйлену тойына шамамен қанша шығын кеткенін айтты. Айтуынша, соңғы мәліметке сәйкес шығын көлемі 56 миллион долларға дейін (29 миллиард 109 миллион теңге) жеткен. Zola сайтының жыл сайынғы есебіне сенсек, бұл сома АҚШ-та 2025 жылы үйленген жұптардың орташа той бюджетінен (яғни 36 мың доллар) мың есе көп. Безостың командасы бұл миллиондардың нақты қайда жұмсалғанын ашып айтпады.
Джефф Безос пен Лорен Санчес Сан-Джорджо аралына су таксиімен жетіп, сонда некесін қидырды. Олардың соңынан су таксилерінен керуен жасап Опра Уинфри, Ким Кардашьян, Иванка Трамп, Том Брэди, Билл Гейтс, Иордания патшайымы Рания, Леонардо Ди Каприо және басқа да жұлдызды қонақтар келді.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
