Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Metro: "Манчестер Юнайтед" Роналдуға 1 миллион еуро айыппұл салмақ

"Манчестер Юнайтед" футбол командасы ойыншысы Криштиану Роналдуды қатаң жазаламақ. Metro басылымына сенсек, клуб шабуылшыға 1,1 миллион еуро айыппұл салмақ деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жақында Криштиану Роналду командасындағы жағдайға сын айтқан еді. Клубтағыларға футболшының бұл әрекеті мүлдем ұнамаған. 

Еске сала кетейік, Роналду команданың басшылығы мен бапкерлер штабын сынға алып сұхбат берген еді. Содан кейін жұрт оның өзін сынай бастады. Ойыншыдан сұхбат алған Пирс Морганның сөзінше, Роналду оған сұхбат бергім келеді деп өзі хабарласқан. Алтын доп иегері осы әрекеті үшін сынға ұшырайтынын білген. Оның бар ойы – “жұртқа шындықты айту”. 

Талқылау