Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрі мені жұлдыз көреді": Жас жігіт бойының 233 сантиметрден асып бара жатқанын айтып мақтанды

Пәкістанның Маншехра қаласының Хайбер-Пахтунхва қаласында бойы 233 сантиметрден асып бара жатқан ер адам тұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бойы ұзын жігіт

23 жастағы Мұхаммед Әли Таноли көпшіліктің назарын өзіне қаратып отырғанына риза. 

«Адамдар маған танымал адамға қарағандай қарайды. Олар мені ерекше жан деп есептейді. Мен, расымен де, ерекше жанмын. Мен рекорд орнатып, әлемдегі ең бойы ұзын адам боламын», - дейді ол. 

16 жасқа дейін оның бойы 1,52 сантиметрге жеткен. Арада 4 жыл өткен соң оның бойы 41 сантиметр өскен. Ал оның туыстарының барлығының бойы орташа. 

Пәкістандық киім сатып алар кезде, қоғамдық көлікке отырғанда қатты қиналатынын жасырмайды. Апта сайын көптеген отбасы келіп оған өз қызын ұсынады екен. Алайда жас жігіт отбасын құруға асықпайды. 

«Мен оларға, алдымен, жұмысқа орналасуым керегін түсіндіремін. Мен маңдайыма жазылған адамымды жолықтыратыныма сенімдімін», - дейді ол. 

Соңғы айларда Мұхамедтің бойы 7,6 сантиметрге өскен. 

Талқылау