Мен жатырымды жалға бердім, ал олар баламды тартып ала жаздады: АҚШ-тағы суррогат ананың оқиғасы (фото)
АҚШ-тағы суррогат ана жасанды жолмен ұрықтандырылып, бала көтергеннен кейін, қайта жүкті болып қалған. Мамандардың сөзінше, суперфетация – адамдар арасында мүлдем сирек кездесетін жағдай.
Калифорния тұрғыны Джессика Аллен екі бөлек адамнан егіз бала тапты. Америкалық әйел Қытайлық ерлі-зайыптылардың баласын көтеріп жүрген. Бірақ біраз уақыттан кейін өз күйеуінен жүкті болып қалғанын білген. Мұндай жағдай медицина тарихында 10-нан аспайды. Алайда әйел ата-ана құқығына ие болу үшін күресуге тура келген.
Джессика Аллен – екі баланың анасы. Ол бала сүйе алмайтын қытайлық ерлі-зайыптылар үшін суррогат ана болуға келісім берген. Өзге біреудің баласын дүниеге әкелгені үшін берілетін 35 мың долларды Джессика мен күйеуі Джаспер Уордалл өз үйі үшін кепілге қоймақ болған. Соңғы жылдары тұрмыс жағдайы нашар америкалықтар арасында суррогат ана болу арқылы ақша табу жиілеп барады.
ЭКҰ процедурасы жасалғаннан 6 апта өткеннен кейін, дәрігерлер Калифорния тұрғынының құрсағындағы сәби егіз екенін білген. Бастапқыда дәрігерлер Джессика егіз сәбилерді көтеріп жүр деп ойлағанымен, босану кезінде сәбилердің бірі екіншісінен кішірек екенін байқаған.
Қытайлық ерлі-зайыптылармен жасасқан келісім шарт бойынша, Джессикаға сәбилермен бір сағат бірге болу құқығы берілген. Алайда дәрігерлер сәбилерді бірден алып кеткен. Ертесі күні америкалық әйелге ұялы телефоннан балалардың суретін көрсеткен. Осы сәтте Джессика сәбилердің бір-біріне иүлдем ұқсамайтынын аңғарған. Нәрестелердің бірі қытайлық, ал екіншісі мулат екен анық еді.
ДНҚ сараптамасы жүргізілгеннен кейін, сәбилердің ата-анасы бөлек екені анықталған. Сәбилердің бірінде қытайлықтардың гені болса, екіншісі америкалық әйелдің ұлы болып шыққан. Анық болғандай, әйел жүкті кезінде өзі күйеуінен қайта бала көтеріп қалған. Ал ерлі-зайыптылар жыныстық жақындық кезінде үнемі мүшеқап қолданған екен. Келісім шарт бойынша, суррогат ана жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түскенде, міндетті түрде сақтануы тиіс.
Ғалымдар түсіндіргендей, мұнда суперфетация құбылысы орын алған. Яғни жүктілік кезінде аналық жасушаның ұрықтануы. Мамандардың айтуынша, әдетте мұндай жағдай кеміргіштер, қоян, жылқы, қой және кенгурулар арасында кездеседі. Ал адамдардағы суперфетация туралы ғылымыға тек бірнеше жағдай белгілі.
Табиғаттың осынау жұмбағының салдарынан Джессика өз баласынан айырылып қала жаздаған. Америкалық әйелге өз ұлы үшін ата-аналық құқыққа ие болуға біршама уақыт керек болыпты. Келісім шартқа сәйес, дүниеге келген екі сәби де қытайлық отбасыға тиесілі. Бірақ Джессика суррогат аналық агенттігінен қытайлық отбасының мулат сәбиден бас тартқанын білген. Сонымен қатар олар 18-22 мың доллар көлемінде өтемақы талап еткен көрінеді.
Джессика мен Джаспер аталған соманы таба алмаған. Себебі олар бар ақшасын үй алуға жұмсаған еді. Осы кезде агенттік кішкентай Максты асырап алғысы келген басқа отбасын тапқан. Олар қытайлық отбасы талап еткен соманы төлеуге дайын еді. Мұнан кейін сәби үшін нағыз «соғыс» басталды.
Джессика мен күйеуі адвокат жалдау үшін 3 мың доллар жұмсаған. Қуанышқа орай, кішкентай Максты өз отбасы қайтарып алды. Ол үшін бірнеше сот отырысы өткен еді. Сот шешімі бойынша америкалық отбасынан қытайлық ерлі-зайыптыларға ақша төлеу міндеті алынды. Тапсырыс берушілерге өтемақы төлеу бойынша шығынды агенттік ішкі қордан төлеп берген.
Нәтижесінде Джессика өз баласына ата-ана құқығын алу үшін 3 ай уақыт жұмсаған. Олар сәбигеМалачи деген есім берген. Ендігі сәби өз отбасымен бірге тұрып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Колумбия әуежайында иесін сағынған ит құсадан қайтыс болды
Ол қартаймай ма: Көпшілік суреттегі үш қыздың қайсысы анасы екенін таппай бас қатыруда (фото)
Бақытқа жеттім: Тумысынан бетінде кемістігі болған ару 25 жасында тұрмысқа шықты (фото)
Лондонда ерлі-зайыптыларды баланың жылағаны үшін үйінен қуғалы жатыр