Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Колумбия әуежайында иесін сағынған ит құсадан қайтыс болды

Колумбия әуежайында тастанды ит иесін сағынып қатыс болды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Ит иесінің қайтып оралғанын бір ай бойы күткен. Алғашқы уақыттарда оны жолаушылар мен әуежай қызметкерлері тамақтандырып тұрған. Уақыт өте келе ит иесін іздеуге кетіп, бірнеше күннен кейін қайтып келетін болған.

Алайда ит иесінің қайтып оралмайтынын түсініп, бұрышқа тығылып алатынды шығарған. Тіпті, тамақтанудан да бас тартқан екен. Әуежай қызметкерлері жануардың жағдайына алаңдаушылық танытып, ветеринар көмегіне жүгінген.

Клиникада итке бірнеше апта бойы дәрі тамызғыш қойылып, жасанды жолмен тамақтандырған. Әйтсе де иттің жағдайы оңала қоймаған.

Ветеринарлар ит қандай да бір ауру салдарынан емес, ауыр психологиялық күй кешкендіктен өлді деген тұжырым жасады.

Оқи отырыңыз:

Ол қартаймай ма: Көпшілік суреттегі үш қыздың қайсысы анасы екенін таппай бас қатыруда (фото)

Бақытқа жеттім: Тумысынан бетінде кемістігі болған ару 25 жасында тұрмысқа шықты (фото)

Лондонда ерлі-зайыптыларды баланың жылағаны үшін үйінен қуғалы жатыр

19 жастағы модель пәктігін 3 млн долларға сатты

Талқылау