Лондонда ерлі-зайыптыларды баланың жылағаны үшін үйінен қуғалы жатыр

Сенбі, 18 Қараша , 2017 12:52

Лондонда пәтер жалдап тұратын отбасы балаларының жылағанына көршілері шағымданғаны үшін үйінен қуылмақ.

Басқарушы компания ерлі-зайыптыларға хат жолдап, шу тыйылмаған жағдайда, екі апта ішінде үйді босатулары керек екенін ескерткен.

Аттила мен Ильдико Вурт Лондонның батысындағы Хаммерсмит ауданында көп қабатты үйдің жоғары қабатынан пәтер жалдап тұрады. Олардың 3 жасар ұлы және бір жарым жасар қызы бар.

Ерлі зайыптылардың ойынша, бұл балаларымен бірге пәтер жалдап тұратын отбасыларды «кемсіту» болып табылады.

Ал басқарушы компания олардың көршілерінің күн сайын шағымданатынын айтты.

Ерлі-зайыптылардың электронды поштасына жылжымайтын мүлік жөніндегі компанияның басқарушы агентінен хат келген. Онда «бүгін таңғы сағат 5:30-да бала жылап, 6:45-тен бастап басқа да шу шыққаны, салдарынан аталған үйде тұратын тағы бір көршінің ұйқысы бұызлғаны» жазылған.

«Біз сіздер тұрып жатқан пәтердің иесімен сөйлестік. Сіздердің тұрғын үйден барынша аз уақытта көшіп кетулеріңіз жөнінде келіспекпіз», – деп жазылған хатта.

Аттиланың сөзінше, компанияның мұндай «мейірімсіз әрі қатал» әрекеті таңдандырған. Олар үйлерін тастап кетуге мәжбүрлеп жатқаны үшін қатты ренжулі.

Ал келесі электронды хатта «олардың тарапына тағы да шағым  түскені» айтылған.

«Егер бұлай жалғаса берсе, 8-параграф (тұрғын үй жалдау жөніндегі келісім шарт» бойынша әрекет етуімізге тура келеді. Параграф бойынша екі апта ішінде тұрғын үйді босатуларыңыз керек», – деп жазылған хатта.

Мұнан әрі қандай амал жасарын білмеген ерлі-зайыптылар тұрғын үй қауымдастығының «шұғыл желісінің» телефонына хабарласқан. Алайда қауымдастықпен хабарласу мүмкін болмапты.

Shelter қайырымдылық ұйымы түсіндіргендей, аталған параграф бойынша әрекет ету үшін, ай сайынғы пәтер ақысын төлемеу, қоғамға қарсы әрекет, тұрғын үйді жалдау жөніндегі келісім шартты бұзу сынды нақты себептер болуы тиіс.

«Шу туралы айтатын болсақ, біз барынша тыныштық сақтауға тырыстық», – дейді Аттила.

Алайда Sheraton Management Ltd басқарушы компаниясы ерлі-зайыптылардың тұрғын үй жалдау жөніндегі келісім шартты бұзғанын алға тартуда. Олардың пікірінше, отбасы «үйдегі басқа тұрғындардың тыныштығын бұзған».

«Біз отбасылар, балалы отбасылар тұратын тұрғын үйлер қатарын басқарамыз. Ұстанатын саясатымыз бойынша, үйден шығару рәсімін барынша азайтуға тырысамыз», – деп жазылған Sheraton Management Ltd мәлімдемесінде.

Ендігі ерлі-зайыпты Вурттар бұл жағдайдың шешімін күтуде.

Оқи отырыңыз:

19 жастағы модель пәктігін 3 млн долларға сатты

Кореялық медбикелер басшылықтың талабымен эротикалық би билеуге мәжбүр болған (видео)

Ер адам өзін аңдыған елес баланы суретке түсіріп алды (фото)

Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар