Жезөкшелердің етінен кәуәп жасап базарда сатқан алматылық адамжегіш алғаш рет сұхбат берді (фото)

Сейсенбі, 14 Қараша , 2017 14:02

Михаил Вершинин кем дегенде 7 әйелді қатігездікпен өлтірді деген айыппен қамауға алынған. Қатаң тәртіптегі түрмеде отырған қылмыскермен тек күзет арқылы тордың бер жағында отырып сөйлесу мүмкіндігі болды, деп хабарлайды КТК.

Михаил Вершинин айыпталып жатан жылдары мароторий қабылданып жатқандықтан өлім жазасына кесілмеді. Ол кезде жасы 26-да болған. Қазір 42 жаста.

Айта кетсек, 1998 жылдары Алматының қоқыс жәшіктерінен бөлшектелген әйел денелері табыла бастады. Кейіннен олардың Сайын мен Сейфуллин көшесі бойында тұрған жеңіл жүрісті қыздар екені анықталды. Адам жегіштердің қолынан сытылып шыққан жезөкшелер осы қылмыстың ашылуына көмектесті.

Бірнеше қызды өлтірді деген айыппен сотталған Михаил Вершинин ол кезде Алматыдағы психиатрлық емханада фельдшер болып жұмыс істеген. Ағасы Сергей Копай екеуі қылмысты бірлесіп жасаған. Олар тапсырыс бойынша жезөкшелерді үйге шақырып, олардың етінен кәуап жасаған.

Михаил Вершинин әйелдерді жек көрген. Әйелдер қауымы бақытсыздықтың бастауы деп сенген. Сол себепті де тәжірибе алу үшін медициналық институтқа түсуге бекінген.

Адам жегіштер әйелдердің етін ет тартқыштан өткізіп тұшпара, котлет, бәліш пісірген. Оларды туыстыра мен достарына, көршілеріне беріп қана қоймай, базарда сатқан.

Дәрігерлер Вершининге есте сақтау қабілеті жақсы, кез келген оқыс жағдайдан шыға алады, әр іске ұқыпты деп баға берді.

Сотталушы медициналық әдебиеттерді көп оқыған. Ең сүйікті фильмі «Молчание ягнят».

Адам жегіштерді 7 адамды өлтіргені үшін өлім жазасына кескен. Олардың қолынан қаза болған құрбандардың саны одан да көп болуы мүмкін. Тергеу кезінде полицейлер бөлшектелген әйелдердің түрін жіті тани алмады.

«Менің бұл әрекетімді бұзақылық деуге болатын шығар. Бұл менің ішкі қалауымнан туған қатігез әрекеттер. Мені мұндайға барады деп ешкім ойлаған жоқ. Менің өзім де осылай жасаймын деп ойлаған емеспін», – дейді Вершинин.

Сотталушы қазір қылмыс жасағанына өкінетінін, біршама түзелгенін айтады. Бүгінде шабыты оянып, өлең жазып жүргенін де айтып өтті. Ол көбіне Отанға деген махаббаттан туған өлеңдер жазады екен.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық жүргізушілерге қандай жағдайда куәліксіз көлікпен жүруге рұқсат беріледі

Қазақ жігіті мұқтаж жандарға тегін үй салып беріп жүр

Қызу түсірудің пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан тәсілі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар