Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытқа жеттім: Тумысынан бетінде кемістігі болған ару 25 жасында тұрмысқа шықты (фото)

Тумысынан бет-жүзінде кемістігі болған ару араға көп жылдар салып өз бақытын тапты. Тұрмысқа шыққан Коди әр адамның бақытты бола алатынын көрсетті.

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Коди Холланың бетіндегі кемістіктің үлкен болғаны соншалық, дәрігерлер оның бет-жүзін қалыпқа келтіруге болмайтынын кесіп айтқан. Тіпті, алты жасқа толғанға дейін қандайда бір ем-дом жүргізуден бас тартқан. Дегенмен қыздың ата-анасы дертке қарсы тұрудан бас тартпаған. Америкадағы білікті хирургты тапқанға дейін олар қыздың дертін өздігінен зерттеген.

14 жасына дейін Кодиге 18 рет ота жасалған. Оның ішінде бет терісін тарту, липосакция, дермабразия, көз операциясы мен лазерлік хирургия бар.

Иә, сонымен күрделі сынақтан өткен Коди 25 жасында Люис Холтқа тұрмысқа шықты.

«Эмоцияға толы күн болды, көңіл босаған сәттер көп болды. Әсірес Люисті төрден көргенімде көзден еріксіз жас кетті. Бірақ бұл қуаныштың көз жасы еді. Адамдарға қара түнектен кейін міндетті түрде күн шығатынын айтқым келеді», – деп атап өтті бақытына жеткен Коди.

Жіберіп алмаңыз:

Лондонда ерлі-зайыптыларды баланың жылағаны үшін үйінен қуғалы жатыр

19 жастағы модель пәктігін 3 млн долларға сатты

Кореялық медбикелер басшылықтың талабымен эротикалық би билеуге мәжбүр болған (видео)

Адамзат тарихында алғаш рет хиджаб киген қуыршақтар пайда болды (фото)

Талқылау