Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маймылға қалай шықтың?": Дәурен Айдарқұлов әйеліне қандай сұрақ жиі қойылатынын айтты

Дәурен Айдарқұлов әйеліне қандай сұрақ жиі қойылатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі актер желідегі парақшасына маугли кейпіндегі суретін жүктеп, өзінің маймылға ұқсамайтынын дәлелдегісі келген. Ол әйелі Ақбота Сейтмағамбетке жиі қойылатын сұрақты айтып, оның қисынсыз екенін, өзінің қарапайым, жақсы адам екенін жеткізген.

"Көп адамдар менің әйелім Ақботадан маймылға тұрмысқа шығуға қалай келісім бердің деп сұрайды. Меніңше ол ешқандайда маймыл емес. Сабырлы, жақсы адам", - деп жазды Дәурен Айдарқұлов.

Бұны көрген желідегі жұрт өз пікірін білдіруден қалыс қалмады. Бірі актердің сөзімен келісіп, енді бірі оны мазақ қылған. Тау мен тасты жалаңаш кезіп жүрген актердің бейнесі жұртты таңқалдырды.

"Өз образыңды дәл тауыпсың ғой", "Ойбай түрің бар болсын, маймылдың еркегі", "Мойындау да ерлік", "Меніңше Ақботаның жолы болған", "Талантты актер, сіздің барлық киноларыңыз ұнайды", "Екі әйелің сені осы жерге апарып тастады ма", - деп пікір жазды жұрт.

Талқылау