"Мәселенің маңыздылығын түсінбейтіндер орындарын босатсын": Тоқаев министрлер мен әкімдерге ескерту жасады

Коронавирустық пандемияға байланысты қабылданған шараларға арналған отырыс барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер мен әкімдерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

«Бүкіл мемлекеттік аппарат жұмыс ретін түбегейлі өзгертіп, қалыпты жұмыстан алыстауы керек. Мұндай қиын жағдайда мемлекеттік басқару түбегейлі өзгертілуі тиіс. Біз жауапкершілікті сезініп, батыл және тиімді шешімдер қабылдауға тиіспіз», - деді президент.

Тоқаев дағдарысқа қарсы бірқатар жарлықтарға қол қойғанын, мемлекеттік басқару жүйесіне коронавирус жағдайымен күресу мақсатында жедел шешім қабылдауға құқық беретінін айтты.

«Осылайша, мемлекеттік органдарда туындаған кез келген мәселелерді - бюджет процесінде, бағаны реттеу, мемлекеттік сатып алулар, жеңілдіктер беру және т.б. шешуге барлық мүмкіндік бар. Мен үкіметтің әр мүшесіне, әкімдерге айтқым келетіні -  басқаша режиімде жұмыс істейтін кез келді. Мәселенің маңыздылығын түсінбейтіндер және «ештеңе болып қалмаса болды» деп әреке ететіндер орындарын босатсын, себебі бұлай біз бұл күрестіе жеңе алмаймыз », - деді Тоқаев.

Президент қазіргі жағдайда мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, оның ішінде мемлекеттік комиссияның қызметі мен жұмысын жариялау маңызды екенін айтты.

«Мен премьер-министрге осы жағдайды бақылауға алуды тапсырамын», - деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр