Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құжат рәсімдедім": Лев Лещенко Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді

Кеңестік және ресейлік эстрада әншісі Лев Лещенко Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді. Бұған дейін әнші Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталығынан ЖСН алған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Медеу ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының клиенттері мен мамандары танымал өнерпазбен бірге суретке түскен. Енді көпшілікті Лещенко Қазақстанға көшіп келе ме деген сауал толғандыруда. 

"Мен өзімнің досымның – бұрынғы премьер-министрдің туған күніне бардым. Дастархан басында отырып қайттым, болды. ХҚКО-ға белгілі бір операцияны рәсімдеу үшін кірдім. Ал енді мені сол жақта қалады деп айтып жатыр. Жоқ, мен Байқоңырдан Марсқа ұшу үшін құжат рәсімдедім. Қазақтар келісіп қойыпты!



Бірақ мұның ақымақтық екенін түсінесіздер. Бүгін мен Колона залында ән айтып, Александра Пахмутова Николаевнамен пионерия күнін жауып жатырмын", – деді әртіс teleprogramma.pro басылымына берген сұхбатында. 

Бұған дейін Лев Лещенконың Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталығынан ЖСН алғанын хабарлаған едік.

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 18 Мамыр, 2022 10:54
Талқылау