Қытайдағы қазақтардың мәселесін көтеріп жүрген Серікжан Біләшұлының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Аспан асты еліндегі этникалық қазақтардың мәселесін көтеріп жүрген «Атажұрт еріктілері» ұйымның жетекшісі Серікжан Біләшұлының атына бірнеше азамат арыз жазып, нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Біләшұлының өзі әлеуметтік араздық тудырды деп айыпталып отырғанын айтты.

Бұған дейін «Жарқын жеті» атымен танымал болған Серікжан Біләшұлы шекараның арғы жағындағы қазақтардың мәселесін жиі көтеріп, жазып жүрген еді. Тіпті, ол бір топ белсендіні бастап, еуропарламент пен еурокомиссия өкілдеріне дейін көпшіліктің шағымын жеткізген, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.
Ендігі қылмыстық жауапқа тартылып отырған азаматтың сөзінше, оның үстінен полицияға шағым түсіпті. Осылайша, Біләшұлы Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша «әлеуметтік араздық тудырды» деп айыпталып отыр. Сондықтан ол білікті заңгер іздеп жүргенін айтады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Тұтқындарды босату бойынша ел тарихындағы алғашқы операция: Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер бүтін автобусты қалай басып алды
Операция болған кезде Қазақстан тәуелсіздік алғанына бірнеше ай ғана болған
"Алты жыл күттік": Қазақстандық оқушылар Илон Масктың зымыранымен ұшырылған жерсерікті қалай жасап шығарды
Жерсерікті жасаудың қызығы мен қиындығын жоба жетекшісінен сұрадық