Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда үш ер адам әйелді бір апта бойы зорлап, шашын тықырлап алып тастаған

Осы жылдың 18 мамырында Жалал-Абадға бару үшін аялдамада автобус күтіп тұрған 41 жастағы келіншекті 35-40 жас шамасындағы үш ер адам көліктеріне салып алып кеткен.

Бұл туралы Turmush.kg хабарлайды.

Олар әйелді Қошқар-Ата қаласына дейін апарып салмақ болады. Жолай олар әйелді ұрып, сосын Майлы-Су қаласындағы пәтерге алып келеді. Бір апта бойы әйелді күштеп ұстап, кезек-кезек зорлап, сосын шашын тықырлап алып тастаған.

Әйел есікті бұзып қашып шыққан соң бірден милицияға келіп, арыз жазған. Ол көптеген жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізіледі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 22, 36, 43 жастағы үш ер адам ұсталған. 25 қыркүйек күні сот әйелді ұрып-соғып, зорлаған күдіктілерге қатысты шешім шығарды.

Олар қылмыстық кодекстің түрлі баптары бойынша кінәлі деп танылып, екеуі 13 және 8 жылға сотталады. Ал Т.К.М. есімді күдікті жасаған қылмысына дәлел жеткіліксіздігіне байланысты жазасыз қалдырылған.

Оқи отырыңыз:

Венесуэла халқы шаштарын сатып күн көріп жүр

Дубайда ұшқышсыз тұңғыш әуе таксиі көкке көтерілді

БАӘ имамы: Әйелдердің ақылы кем. Оларға көлік тізгінін беруге болмайды

Даяшы үстел басында отырған баланың бетіне ыстық сорпа төгіп алды (видео)

Талқылау