Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкекте шетелдіктер жергілікті тұрғындарды соққыға жыққан соң жаппай тәртіпсіздік басталды

Бішкекте 14 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Қырғызстанның Свердлов ауданына қарасты ішкі істер басқармасының мәліметінше, Будённый көшесінде орналасқан көбінде шетелдіктер тұратын хостел маңында жаппай төбелес болған. Оған қатысқандар арасында үш шетелдік бар.

Белгілі болғандай, 14 мамырға қараған түні "Аламедин" базары маңындағы қонақүйлердің бірінің ауласында он шақты адамның қатысуымен төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Қақтығысқа қатысушылар бірнеше жергілікті тұрғындарды соққыға жыққан шетел азаматтары болып шықты. Олар Египет пен Пәкістанның азаматы болуы мүмкін. 

Сөйтіп 17 мамыр кешке қарай хостелдің жанына әлгі шетелдіктерден "кек алып, сазайын беруге" кей мәлімет бойынша 300-ге жуық қырғыз жігіті жиналған. Тез арада әлгі үш шетелдік видео арқылы қырғыз халқынан кешірім сұрады.

Фото: kg.akipress.org

Шетелдіктерге Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер қазір Бішкек полициясының изоляторында қамауда отыр.  



"Қазір су атқышы бар ішкі әскерлер 7 сәуір-Шу көшелерінің қиылысында тұр. Олар 7 сәуір көшесін солтүстік бағытта қоршауға алған. Олардың оңтүстік тұсына сол сағаттың өзінде 1000-ға жуық адам жиналды. Полиция тосқауыл қойып, тәртіпсіздіктің алдын алып жатыр. Қоршауды бұзуға ұмтылғандарды ұстап отыр. Қазірге дейін 10 шақты адамды ұстап әкеткенін хабарлады", – деді басылым. 

Еске салайық, 14 мамыр күні Жамбыл облысының Меркі ауданында жасөспірімдер арасында төбелес болып, бір бала қайтыс болғанын жаздық. Тергеу барысында анықталғандай, марқұм Сыпатай ауылының тұрғыны Артем Садков болып шықты. Ол наурыз айында 16 жасқа толған.

 

Талқылау