"Күнде сыра ішемін": Соғысқа қатысқан 100 жастағы әже өзінің ұзақ өмір сүру құпиясын бөлісті
АҚШ-та 100 жастағы әйел ұзақ өмір сүрудің құпияcын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABC7 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Анахайм тұрғыны Мэри Энн Роджерс 100-ге толды. Жасына қарамастан, америкалық әйел жүргізуші куәлігін жаңартып, соның құрметіне арналған кешке көлік айдап келген.
Достары мен туыстарының айтуынша, Роджерс әлі де белсенді өмір салтын ұстанады, тамақ пісіруді және бау-бақша өсіруді ұнатады.
Өзінің ұзақ өмірінде Роджерс 11 баланы дүниеге әкелген. 19 жасында ол Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз күштерінде әскери борышын өтеді. Екінші дүниежүзілік соғысына да қатысқан.
Роджерстен ұзақ өмір сүрудің құпиясы неде екенін сұраған кезде “Күнде кешкі 5-те сыра ішемін” деп жауап беріпті.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев