Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құқық қорғау органдары Алматы тұрғындарынан террорлық жаттығуларға түсіністікпен қарауды сұрады

Алматыда бүгін, 7 желтоқсан күні жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

88d0a0df-a2d4-477b-a009-7800c070d778

Фото: Today.kz

“7 желтоқсан күні “Универсиада-2017″ нысандарында Алматы қалалық терроризммен күрес штабы «Юг-Антитеррор2016» деп аталатын жоспарлы антитеррорлық жаттығу өткізеді”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Оқу-жаттығудың мақсаты – нысандарға террорлық қауіп жағдайы төнген кездегі қарсы күрес шаралары мен біліктілікті жетілдіру.

Құқық қорғау органдары Алматы тұрғындары мен қонақтарынан террорға қарсы операция кезінде шу көтермей, түсіністікпен қарауларын сұрайды.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында әкімге жалпақтаған лауазымды полицей жұмыстан қуылуы мүмкін

Бойжеткен достасқысы келген елестен қашқаны үшін өзін кінәлі сезініп жүр

Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды

Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған

Талқылау