Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді әскерде борышын өтегендерге ЖОО жатақханасынан орын аларда басымдық беріледі

Елімізде енді жоғары оқу орнының жатақханасынан орын алу кезінде әскерде қызмет еткен талапкерлерге басымдық беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО жатақханаларында орын бөлуді реттейтін бұйрық жобасын жариялады.

Қорғаныс министрлігі мен ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан әскерінің беделін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға кіріскен. Әскерге шақырылғандарға білім бойынша жеңілдіктер, оқу орындарына тегін түсу қарастырылған. Сондай-ақ әскери борышын өтеген талапкерлер әскери жоғары оқу орындарына түсе алады.

“Қазір Ғылым және жоғары білім министрлігі жатақханалардан орын бөлуде қызмет еткендерге басымдық беретін бұйрық дайындап жатыр. Олар ерекше қажеттігі бар жандармен, қандастар, ауылдан келгендер, атаулы әлеуметтік көмек алушылармен бірдей болып қарастырылады, – делінген хабарламада. 

Талқылау