Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швециядан Астанаға пошта арқылы тасымалданған сәлемдемеден есірткі заттары табылды

Белгісіз біреулер Швециядан Астанаға есірткі заттарын халықаралық пошта арқылы салып жіберген. Құқық қорғау қызметкерлері сәлемдемедегі тыйым салынған затты анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Қаржы мониторингі агенттігі

Қаржы мониторингі агенттігі Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп есірткі заттарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісі бойынша алдын ала тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері "Қазпошта" АҚ қауіпсіздік департаментімен бірге Астанадағы халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау пункттерінің бірінде Швециядан жіберілген салмағы 479,94 грамм "гашиш" есірткі заты бар қорапты тапқан.



Құқық қорғаушылар күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігі мен "Қазпошта" АҚ қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі шараларды нығайтып, пошта жөнелтілімдері мен қаржы операцияларының қауіпсіздігін арттыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді.

Талқылау