«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Dostyk БКТ» ЖШС ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Ағымдағы жылдың қазанында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Dostyk БКТ» ЖШС арасында Достық станциясында терминал құрылысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Достық станциясын дамыту және Достық – Мойынты учаскесін жаңғырту шеңберіндегі екінші жобасы. Ол Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін негізгі тізбек болып табылады.
Терминалды 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бастапқы кезеңде жылына 150 мыңға дейін контейнер жөнелту қуаты құрылады. Жүк айналымының өсімі бойынша терминал мүмкіндігі жылына 200 мыңға дейін контейнерге арттырылатын болады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан аумағы арқылы Еуропа – Азия бағытында трансқұрлықтық транзиттік жүк ағының тарту үшін Достық станциясын дамытуға жіті назар аударып келеді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ