Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Крокустағы теракт: Министрлік Ресейдегі қазақстандықтарды құжатсыз сыртқа шықпауға шақырды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мәскеуде Crocus City Hall ғимаратында болған терактіден кейін Ресейдегі қазақстандықтарға қажетті құжаттарын өздерімен бірге алып жүруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kp.ru

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдегі Орталық Азия елдерінің азаматтарының ұсталып жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Аумағында осындай сұмдық қылмыс орын алған кез келген мемлекет автоматты түрде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Жергілікті билік, оның ішінде қауіпсіздік және құқық қорғау органдары барлық қажетті шараларды қабылдайды", – деді Смадияров.

Оның айтуынша, тұтқындаулар мен тексерулер туралы жаңалықтар қалыпты жағдай.

"Сондықтан біздің азаматтардың белгілі бір елде болуы үшін қажетті құжаттары болғаны дұрыс", – деді министрлік өкілі.

Смадияров Қазақстан елшілігіне тұтқындаулар мен тексерулерге қатысты ешқандай шағым түспегенін атап өтті. 

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранғаны туралы жазған едік. 

Талқылау