Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында колония бастығының орынбасары тұтқындарды азаптаған

Қостанай облысындағы Құсмұрын колониясы бастығының бұрынғы орынбасарының екі жарым жылға бас бостандығын шектеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Азат Шоқановқа былтыр мамыр айында сотталғандарды азаптады деген айып тағылған. Сот ісі бірнеше айға созылды. Осы уақыт ішінде түрме таратылып, тұтқындар арасындағы куәгерлердің көпшілігі аймақтан тыс жерлерге жіберілді.  

Мемлекеттік айыптаушы бастапқыда экс-бастыққа екі жарым жыл нақты мерзім сұрады, сондықтан ол үкімге шағымдануға ниетті.

"Қостанай облысы Әулиекөл аудандық сотының 2021 жылғы 26 қаңтардағы үкімімен, Әуезов ауданы Қошмұрын кенті УК 161/4 мекемесі басшысының режим және жедел жұмыс жөніндегі орынбасарының үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, екі жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы Зәуре Едікова.

STAN.KZ
Бейсенбі, 28 Қаңтар, 2021 21:53
Талқылау