Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қордай трагедиясынан" соң этникалық дүнгендер мемлекеттік тілде сөйлей бастады ма?

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы "Масаншы оқиғасынан" кейін ел ішінде қызу талқыға түскен тақырыптардың бірі этникалық дүнгендердің мемлекеттік тілде сөйлемейтіні болды. Сондай-ақ, қақтығыс болған елдімекендердегі мешіттерде уағыз тек дүнген тілінде айтылады деді ашынған ел. Ал сәл кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданына жасаған арнайы іссапары кезінде "Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болады" деді. Міне, содан бері 1 жылға жуық уақыт өтті. Не өзгерді? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

дүнген

Қақтығыстан соң Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездескен болатын. Сол кезде әлі басыла қоймаған халық бұл трагедияның басты себептерінің бірі этникалық дүнгендердің қазақ тілінде оқымайтыны деген еді. Сонда олар, осы жайтты жергілікті билік өкілдері жасырып отыр деп ашынған. Кейін Масаншы, Аухатты, Сортөбе ауылдарында оқушылардың 70 пайызы орысша ал, 30 пайызы қазақша білім алып келгені айтылды. Биыл бұл мәселе шешімін тауып жатқан сияқты. Аудандық білім бөлімі өкілдерінің айтуынша, осы оқу жылында ашылған 58 сыныптың 41-і қазақ сыныбы. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланыпты.

"13 мектепке дейінгі білім беру мекемелері. Ондағы барлық балалар саны 1680 бала тәрбиелегіп жатыр. Бұл жақта да қазақ топтарын ашу ата-аналардың өзінің құлшыныстары негізінде, арызы негізінде қазақша топтар артты", - деді Қордай аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлжан Садабаева.  

Сондай-ақ, ел көтерген мәселелердің бірі ауылдық мешіттерде уағыздың дүнген тілінде айтылуы болатын. Жалпы, Қордай ауданында 62 мешіт болса, оның 35-і осы қақтығыс болған елдімекендерде орналасқан. Ал өткен жылы «Имамдар үйі» ашылыпты. Негізгі мақсат дін қызметкерлеріне қазақ тілін үйрету дейді ауданның бас имамы. Айтуынша, дәріс аптасына 3 рет өткізіліп тұрады екен. Сонымен қатар, бұл орталықта жат ағым жетегінде кеткендер мен араздасып қалған ерлі-зайыптылар мен ауыл тұрғындарын татуластыру бағытында жұмыс жүргізіледі. 


"Қордай қақтығысына" бір жыл: Елдімекен тұрғындарының бүгінгі жағдайы белгілі болды


"Қазіргі таңда бізде 58 өзге ұлт имамы қызмет атқарып жатыр. Оның екеуі түрік, 56-ы дүнген имамдар. Біздің имамдар толық қазақ тілін үйреніп жатыр. Алла қаласа карантин аяқталған кезде уағыздарын қазақша айтады деген үлкен сеніммен отырмыз", -деді Қордай ауданының бас имамы Асқар Сатылғанов. 

Бас имам дін қызметкерлерінің уағызды қазақ тілінде айтуы үнемі бақылауда болады деп отыр. Сөзінше, әзірге 12 имам бірінші кезеңде оқу бітіріп, арнайы сертификат алған. Орталықта дін қызметкерлерінен бөлек, ауыл тұрғындарына да мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік жасалыпты. 

Талқылау