Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларының жәрдемақысына "шомылған" әйелді ана құқығынан айырмақшы

Новосибирск облысының Листвянка ауылының тұрғыны бес қыздың анасы Тамара Чусовскаядан әлеуметтік қызметкерлер екі жыл бойы үш рет балаларын тартып алмақ болған. 2019 жылдың наурыз айында әйелдің күйеуі суицид жасап қайтыс болған. Қыздарының бірінің туған күнінде 38 жастағы жесір әйел мас болып, нарколог есебіне түсіп қалған. Бірақ ол қыздарын тартып алады деген ойдан қорқып, сотта оларды тәрбиелеу құқығын қорғап шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әрине, жүйкем тозатын сәттер болады, бірақ бұл балаларға немқұрайлы қарайды деген сөз емес. Қыздарым мен үшін - қасиетті, киелі. Алайда қамқоршылық органы сотқа шағым түсіріпті. Менің не кінәм бар? Алкоголь ішпеймін, үй таза. Балалар балабақша мен мектепке барады. Ештеңе жасырмаймын. Ішімдік ішсем, көңіл көтергенді ұнатамын. Бірақ соңғы ақшам қалғанша ішпеймін, балалардың ақшасына тіпті тимеймін", - дейді әйел. 

Алайда, жергілікті тұрғындар Тамара туралы жақсы көзқараста емес. Олардың айтуынша, жесір әйел қыздарына емес, ішімдік отырыстарына, кештерге және әлеуметтік желілерге көбірек уақыт бөледі. Әйел балаларға төленетін төлемдер мен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыға өмір сүреді, бұл шамамен 60 мың рубльді құрайды. Әсіресе, ақшаны шашып тастап жатқан фотосы көпшілікті таңғалдырған.

Ауылдастары әйелдің сырт көзге ғана балаларына жылы қарым-қатынас танытатынын айтады. Бірақ үйде боқтық сөз айтып сөйлеседі. Көршілерінің сөзінше, ол жәрдемақысын бірден құртып тастап, балалары аш жүреді. Алайда өзіне сын айтқандармен жұдырықтасуға дайын әйелге тұрғындар сөз айтуға жүрексінеді.

"Қамқоршылық орган балаларымды алып қоямыз деп  қорқытып жатыр. Құтырып жүрсің, бәрі сенен қорқады деп жатыр. Ал өздері ештеңе жазылмаған қағаздарды ұсынып жатыр. Әлеуметтік қорғау саласында істегенмін, тексерушілерді кіргізуге міндетті емес екенімді білемін. Көршілер жәрдемақыны санап отырғандары дұрыс емес. Күйеуім қасымда болғанда ғой... Адамдар мені түсінбейді, сынайды. Мысалы, жақында қызымның мұрнын тесіп бергенім үшін кінәлады. Бірақ бұл балаларымды тартып алуға себеп бола ала ма? Бұл адамдардың көралмаушылығы. Сотта мен үндемей қалмаймын", - дейді Тамара Чусовская.

Көпбалалы ананы ата-ана құқығынан айыру туралы іс бойынша тыңдау 26 қарашада өтеді.

Талқылау