Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мектеп оқушысының қазасына байланысты 10-сынып оқушысы күдікті деп танылды

Қызылордада мектеп оқушысының өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

полиция ІІМ

12 ақпанда Қызылордада 9 сынып оқушысының мәйіті табылды.

Қызылорда облысының білім басқармасы оқиға туралы жаңа мәліметтер хабарлады. Ведомство басшысының айтуынша, марқұм оқыған мектептің 10-сынып оқушысы бұл іске күдікті ретінде танылды. 

"12 ақпан күні сағат 14.00 шамасында жетінші сабақ біткен соң балалар үйлеріне қайтты. Алдын ала болжам бойынша оқиға орнында марқұмнан басқа үш адам болды. Оқиғаның бәрі облыс орталығындағы Белкөл ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде орын алды. Оқиғадан кейін мектеп оқушылары оны медициналық пунктке жеткізді. Өкінішке орай, алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жасөспірім қаза болды. Олардың арасындағы кикілжіңге не себеп болғанын тергеу анықтайтын болады. Бірден айта кетейін, ол пышақ жарақатын алмаған. Оның үстіне, "басқа дене жарақаттары табылмады. Мұны мәйітханаға жібермес бұрын ұлын көрген марқұмның әкесі растады", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов.



Белгілі болғандай, дәрігерлер қанша тырысқанымен баланы аман алып қала алмаған.

"Біз жедел жәрдем дәрігерлерімен бірге бір сағат бойы реанимациялық шаралар жүргіздік. Өкінішке орай, олар күткен нәтиже бермеді”, – деді Белкөл ауылындағы дәрігерлік амбулатория қызметкері Айзада Қабылова.

Ресми мәлімет бойынша, қаза болған оқушының отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда маңындағы Белкөл кентінде №189 мектептің 9-сынып оқушысы қаза болған еді. Қайғылы оқиғадан соң мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен кеткен болатын.

Талқылау