Басты жаңалықтар
Қызылордада екі жасар баланың асқазанынан алтын білезік алынды
Қызылордада екі жасар анасының алтын білезігін жұтып қойған. Анасы бастапқыда бағалы әшекейдің жоғалғанын байқамаған екен. Алайда кейін тексеріс кезінде күдігі расталыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәрігерлер эндоскоп арқылы тексеріс жүргізіп, баланың асқазанында бөгде зат барын анықтаған. Бұл заттардың барлығын сәтті алып тастапты.
Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскописті Серік Нүсіпқожаев жыл басынан бері осы секілді 25 ота жасалғанын айтады. Өткен аптада ғана батарея мен магнит алған екен.
Дәрігерлердің сөзінше, ағзаға бөгде зат түсудің белгілері тұмау белгілеріне ұқсас: жөтел, құсу мен қырылдау. Егер балада осындай белгілер пайда болса, алдымен дәрігер-эндоскописпен кеңескен жөн.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған