Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысының ТЖД бастығы оқыстан көз жұмды

Қызылорда облысы ТЖД басшысы Бағдат Данилов 48 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдай министрлігі әлеуметтік желісінде хабарлады.

"ҚР ТЖМ  Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Жұмайұлы Даниловтың оқыстан қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінді некологта.

​Данилов Бағдат Жұмайұлы 1972 жылы 31 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Ішкі істер басқармасының өртке қарсы қорғау бөлімінің  әскерилендірілген 153-ӨСБ өткен. 

Әр жылдары Қызылорда облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының 11-ӨСБ қарауыл бастығы, Жалағаш ауданы 4-ӨСБ бастығының орынбасары, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының лицензиялау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Қызылорда облысы Өртке қарсы қызмет департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының Мемлекеттік өрт бақылау бөлімін басқарды.

2015-2020 жылдары Жамбыл облысы ТЖД бастығы болып жұмыс істеді. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы ТЖД бастығы болды. Азаматтық қорғау полковнигі құрметті адам болған. Көп жыл қызмет еткен жылдары бірнеше рет медальдармен, төсбелгілермен марапатталған.

 

 

 

Талқылау