Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық коронавирустың жаппай таралуының болжамдары айтылды

Американдық дәне британдық ғалымдар бірлесе отырып, Қытайдан бастау алған 2019-nCoV коронавирусының жаппай таралуы қаупіне баға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Ланкастер университетінің медициналық информатика, есептеуші техника және статистика орталығының, Глазго университетінің медициналық зерттеулер кеңесі (Ұлыбритания) және Флорида штаты университетінің биология және жаңа патогендер институтының зерттеушілері 2019-nCoV коронавирустың эпидемиологиялық параметрлеріне баға берді. 

Ғалымдардың пікірінше, инфекцияның бастапқы репродуктивті жиілігі - аурудың екінші адамға жұғуы - 3,6 мен 4,0 аралығын құраған. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл көрсеткішті 1,4-2,5 аралығында деп мәлімдепті. Толық ақпараттты medRxiv.org сайтынан оқуға болады. 

Салыстырмалы түрде тұмаудың таралу жиілігі екі мен үшті құраса, 2000-ші жылдарда таралған өкпе қабынуының таралуы үшке дейін жеткен. Ал арты өлімге соғатын коронавирустың таралу жиілігінің жоғары екендігі өте қорқынышты дейді мамандар. 

Зерттеушілердің жүргізген бақылауы негізінде 21 қаңтардың өзінде Уханьда індетті жұқтырған 11 341 науқас болуы керек деген шешімге әкелген. Қазір анықталып отырған көрсеткіш дәрежесі тек 5,1 пайызды құрайды екен, яғни мамандар сырқатты анықтауда қытайлық дәрігерлер артта қалуда деген пікірге келді. Егер аурудың таралу жиілігі осы қалпында сақталса, онда 4 ақпанға дейін Уханьдағы науқастардың саны 190 мыңға жететін көрінеді. Сонымен қатар індетті жаппай жұқтыру қаупі Шанхай, Бежің, Гуанчжоу, Чунцине және Чэнду қалаларынан басқа, Таиланд, Жапония, Тайвань, Гонконг және Оңтүстік Кореяға төніп тұр. 

Мамандар инфекцияның таралуының 75 пайызын тиісті бақылау шараларының көмегімен тоқтатуға болады дейді. Бірақ Уханьды жауып тастағандығы індеттің сыртқа шығуына еш әсер етпейді дейді олар. Бұл жағдай Қытайдағы аурудың таралуын тек 24,9 пайызға төмендеті екен. 

Зерттеудің авторлары олардың қорытындылары әлі де толық емес, кейбір кездері тым әсіреленіп кетуі мүмкін екендігін қосыпты. Кейіннен мақаланың бірінші авторы Джонатан Рид коронавирустың таралу жиілігі 2,4-2,6, болуы да ғажап емес деп жазған. Бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметіне сәйкес келеді. 
 


 

Талқылау