Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда танымал көліктердің рейтингі жарияланды: Тізімде Қазақстанда кең тараған модельдер де бар

джили

Фото: geely-motors.com

Қытайда 2025 жылдың сәуіріндегі көлік сатылымының статистикасы жарияланды. Көктемнің екінші айында қытайлықтар 1,7 миллионнан аса көлік сатып алған. Оның ішінде 847 мың кроссовер мен жол талғамайтын көлік, 821 мың седан мен хэтчбек, 86 мың минивэн бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

СarNewsChina келтірген деректерге сенсек, ең көп сатылған көлік – Geely Geome Xingyuan электрлі хэтчбегі. Ал Geely Monjaro ең танымал кроссовер атанды.

Рейтинг көлік сегменті бойынша бөлінген. Кроссовер мен жол талғамайтын көлік арасында алғашқы орында Geely Xingyue L (23,6 мың дана сатылған) (ТМД елдерінде Monjaro деп аталады – ред.), екінші орында BYD Song Plus (20,66 мың дана сатылған), үшінші орында Tesla Model Y (19,9 мың дана), төртінші орында Li L6 (16,7 мың дана), ал бесінші орында Toyota Corolla Cross (16 мың дана) тұр. 

Седан мен хэтчбек сегментінде қытайлық ең көп сатып алған көліктер келесідей: 

– Geely Geome Xingyuan (36,1 мың дана);

– BYD Seagull (34 мың дана);

– Wuling Hongguang Mini EV (28,99 мың дана);

– Xiaomi SU7 (28,5 мың дана);

– BYD Qin Plus (25,5 мың дана).

Ал минивэндер арасында сәуір айында Denza D9 көлігі көш бастады. Бұдан кейінгі орында Toyota Sienna (8,24 мың дана), Voyah Dreamer (6,7 мың дана), Toyota Granvia (6,6 мың дана) мен Buick GL8 (5,59 мың дана) тұр. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 15:40
Талқылау