Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде мәңгілік алаудан темекісін тұтатқан қызға айыппұл салынды

Кисловодск қалалық соты мәңгілік алауға барып темекі тұтандырған қызға 950 рубль айыппұл салды.

репка

Сурет fishki.net

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Сот 23 жастағы қала тұрғынын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Оған “қоғамдық тәртіп ережесін бұзды, қоғамға құрметсіздік танытты” деген айып тағылған. Сот отырысы кезінде қыз өз кінәсін мойындап, бұдан былай қоғамдық тәртіпті бұзбауға уәде беріп, қатаң жазаламауды сұрады.

Қалада 10 мамыр күні қыз мәңгілік алауға темекісін тұтатып, оны суретке түсіріп интернетте жария еткен. Біршама жағымсыз пікірлерден соң ол суретті өшіріп тастаған, алайда бір қолданушы оның суретіне скриншот жасап алыпты. Бірнеше күннен соң қалалық полиция қыздың әрекетіне қатысты іс қозғаған еді.

Талқылау