Астанадағы мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлерге 7 жыл жалақы мен сыйақы төленіп келген
Астанада мектеп бухгалтерлеріне сот үкімі шықты. Олар бірнеше жыл жұмыс істемеген қызметкерлердің жалақысы мен сыйақысын аударып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тексеру қорытындысы бойынша қала прокуратурасы мектептердің бірінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.
"7 жыл бойы жұмыс істемейтін мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақы заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 миллион теңгеден асады. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері кінәсін толық мойындады”, – деп мәлімдеді қадағалау органы.
Сот қаскөйлерді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Олардан мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен