Кішкентай балалар 13-қабатта балконның сыртына шығып, шетінен қолмен ғана ұстанып тұрған

Видеодан скриншот
Қытайдың Гуйчжоу провинциясында екі кішкентай бала көпқабатты үйдің балконынан асылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newsflare сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Көршілер балаларды 13-қабаттан байқап қалған. Екі бала балконның сыртына шығып кетіп, қайта кіруге тырысқан. Олардың бірі темір қоршауға жабысып, қолымен ілініп тұрды, ал аяғын тірей алмаған
Куәгердің бірі бірден үйді басқару компаниясына хабарласқан. Бірнеше минуттан кейін балконға балалардың ата-анасы мен күзетшілер шығып, оларды пәтерге кіргізіп алған.
Белгілі болғандай, оқиға кезінде әкелері үйде болмаған. Балалар қараусыз қалған сәтті пайдаланып, өз бетімен балконға шығып кеткен.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген