Қылмыстық топ сөйлей беретін тотықұстың кесірінен түрмеге түсті
Видеодан скриншот
Ұлыбританияда 15 есірткі сатушысы жалпы мерзімі 103 жылдан асатын жазаға кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lancashire Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыстық топ Блэкпул қаласында есірткі саудасымен айналысқан. Банданың басшысы – 35 жастағы Адам Гарнетт, ол топты түрме камерасынан басқарған. Полиция қылмыскерлерден ірі көлемде қолма-қол ақша, түрлі есірткі және қылмыс жасауға пайдаланылған мобильді телефондар тәркілеген.
Банданы басшысының қызында тұрған сөйлейтін тотықұс әшкерелеген. Тергеушілер оның телефонынан құсты "екіге – 25" деп айтуға үйретіп жатқан видеоны тапқан. Басылымның мәліметінше, бұл сөздер британдық есірткі саудагерлері арасында кең тараған жаргон болып саналады. Нақты мағынасы көрсетілмеген.
Басқа жазбаларда сол тотықұс заңсыз жолмен табылған ақшамен ойнап жүргені түсірілген. Сондай-ақ қыздың телефонынан килограмдық кокаин брикеттері бейнеленген видеолар табылған. Бұдан бөлек, Гарнеттің сыбайластарының бірінің телефон жазбаларында есірткі мәмілелері мен бағаларына қатысты деректер болған.

Қай өңірлер қыста жылусыз қалуы мүмкін: Қазақстанда 10 ЖЭО әлі де "қызыл" аймақта
