Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыстық қудалауға ұшырағанына Нығматуллинді айыптаған кәсіпкер 10 жылдан кейін ақталып шықты

10 жыл түрмеде отырған балқаштық белгілі кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков ақталып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ныгматуллин коллаж

"Бүгін Шығыс Қазақстанда оған қатысты қолдан жасалған соңғы үш қылмыстық істің барлығына қатысты шешім шықты", - деді адвокат Юлия Джафарова.

Осылайша, 2012 жылдың алғашқы үкімі бойынша Сұлтанбековтың жазасы толығымен өтелгенін ескерсек, кәсіпкер жақын күндерде бостандыққа шығуы тиіс.

"Облыстық сот шешім шығарып, Сұлтанбеков қазіргі уақытта қамауда отырған Астана қаласының тергеу изоляторына жіберген бойда ол дереу босатылады", - деп түсіндірді Джафарова.



Еске салайық, Қуат Сұлтанбеков 2012 жылы мамырда атыс қаруын заңсыз сатып алды, сақтады, тасымалдады немесе алып жүрді деген айыппен айыпталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда, оған қатысты қорытынды шығарылғаннан кейін көп ұзамай бас бостандығынан айыру орындарында жаңа айыптарды ойдан шығарып, соның салдарынан бірнеше үкімнен кейін бас бостандығынан айыру мерзімі 3,5 жылдан 21 жылға дейін ұлғайды. Сұлтанбеков пен оның туыстары кәсіпкерді қылмыстық қудалауға және оған қатысты жазаны одан әрі қатайтуға мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин мен оның інісі Ерлан Нығматулллиндердің тапсырыс берушілер екенін бірнеше рет айтқан.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 28 Шілде, 2022 09:35
Талқылау