AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үкіметтің бізге назары ауады деген үміттемін": Алматының зағип тұрғыны мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрін дамытып жүр

Қазақстанда зағип жандардың шын мәнінде қалай өмір сүретінін көбі біле бермейді. Халық арасында оларға, әдетте, аянышпен, ескіркеумен қарайды. Алайда бүгінгі кейіпкеріміз бұл стереоптипті бұзатын жан.Оның өмірге деген құлшынысы мен өзгелерге жәрдемдесуге ниеті кімге болмасын үлгі болары анық. 45 жастағы алматылық Марат Қожахметов бала кезінен көру қабілетінен айырылып, мүгедек атанған. Мүмкіндігі шектеулі жан бола тұра, Марат өмірінің бір күнінде де жұмыссыз қол қусырып жатпаған. Зағип болғанына қарамастан, ол өмірден бір сәт түңілген емес. 20 жасынан жұмыс істеп, еңбектенген, жоғары білім алған. Қазіргі уақытта өзі негізін қалаған зағип жандарға арналған үстел теннисі орталығын ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен айналысуға мүмкіндік сыйлап отыр. Марат – Қазақстандағы осы спорт түрінің жалғыз өкілі.

Марат Қожахметов, жеке архивтен

Марат Қожахметов - Балхаш қаласының тумасы. Алматы қаласында көру қабілеті нашар балаларға арналған Островский атындағы мектеп-интернатты бітірген. Одан бөлек, музыкалық білімі бар, бірқатар аспаптардын тілін біледі. 

"Мен өзімді мүгедек екенмін деп бәрінен бас тартқан жоқпын. Қарапайым адамдар сияқты білім алып, жұмыс істегім келді", –  дейді ол.

Маратқа жоғары дәрежедегі миопия, тапеторетиналды тордың абиотрофиясы диагнозы қойылған. Бұл –  тұқым қуалайтын көз торының зақымдануына әкелетін ауру.

Марат Қожахметов, жеке архивтен

"Мүгедек болып дүниеге келдім. Бірақ жас кезімде көру қабілетім сәл де болсын бар еді. Нашар көретіндерге арналған мектепте оқыдым. Яғни жазық шрифтті оқып, жаза алатындай қабілетім болатын.

Алайда 25 жасымда көру қабілетім бірден нашарлай бастады. Ақыр аяғы қазіргі таңда таяқ көмегінсіз көшеде өз бетіммен жүріп-тұра алмаймын. Бұл ауру сирек кездеседі, яғни дәрігерлердің айтуы бойынша, әзірге дәл осы сатыдағы ауру түрінің емі жоқ. Бірақ біз күдер үзбейміз, мұндай ауруға душар болған адамдарды медицина емдейтін деңгейге жететініне сенемін", – дейді ол.

Оның сөзінен көпті көргені, тәжірибесінің молдығы байқалады.

"Әкем – музыкалық аспаптардың бірсыпырасын меңгерген, музыкант. 4 жасымда ол маған пианино сатып алып берді, сол сәттен бастап осы аспапты меңгере бастадым. Мектепті баян сыныбы бойынша тәмамдап, фортепиано, гитара, домбыра аспаптарын да қатар меңгердім.

Кейіннен бірнеше жерде оқу бітірдім. Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультетін, Шымкентте кітапхана ісі бойынша оқу тәмамдадым. Университ бітірген соң, Талғардағы Қазақ Зағиптар қоғамдастығында жұмыс істедім. Онда пластмассадан түрлі заттар жасайтынбыз. Зағип жандар мен көру мүмкіндігі нашар жандарға арналған қалалық кітапханада да кітаптарды редакциялаумен, аудио кітап шығарумен айналысқан", - дейді  ол.

Сондай-ақ, Марат Шымкент қаласында тифлопедагог – реобилитолог (көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту, қайта қалыпқа келтіру маманы) ретінде, реабилитация орталығында жұмыс істеген. 

Марат - отбасылы, екі ұлы, бір қызы бар. Жанұясымен спортқа, белсенді өмірге жақын.

"Үлкен ұлымның жасы – 25-те, отбасылы. Қызым 16-да, колледж студенті, ал 10 жастағы кіші ұлым мектепте 5-сыныпта оқиды. Балаларым да спортқа бейім. Қызым - пианинода, кіші ұлым бес жасынан бастап түрлі сахналарда ән айтып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Жолдасым – Жомартова Жұлдыз, әрі жұбайым, әрі досым, кеңесшім, әріптесім де. Спортта, яғни теннис спортында біз үнемі біргеміз, барлық қиындықтарды бірге еңсеруге тырысамыз. Бірге көптеген жетістіктерге жетіп, жеңіс тұғырынан көріндік. Жұбайым, ең бастысы барлық жағынан қолдау көрсетіп, үнемі көмектеседі, әрдайым жанымнан табылады", – дейді ол. 

Оның сөзінше, зағип жандарға арналған спорт түрін жадандыру туралы идея Ресейде жүргенде келген.

"Әріптестерім мені "ТМД елдерінің ашық Кубогына" шақырған. Кубок Башқұртстан Республикасының Кумертау қаласында өтті. Досым, әрі әріптесім "Showdown" деп аталған турнирде үстел теннисі спортымен танысуға, бақ сынап көруге себепші болды. Осылайша 2017 жылы жұбайым екеуміз алғаш рет осы спорт түрімен таныс болдық. Маған бірден үстел теннисі ұнады. Содан бері үш жыл қатарынан біз ТМД елдері арасында болған турнирде Қазақстанның намысын қорғап келеміз. 

2018 жылы біз үстел теннисі бойынша дайындық жүргізу мақсатында Ресейден арнайы үстел алдырдық. Себебі мұндай үстелді Қазақстанда жасамайды. Уақыт өте келе көру қабілеті нашар адамдарды да бұл спортқа баулып, дайындай бастадым. Алғашқы нәтижелер пайда бола бастағаннан-ақ біз дәстүрлі түрде жарыстар ұйымдастыра бастадық. Қазір бізге көбіне жастар келеді, сондай-ақ, 18- 50 жас аралығындағы адамдар да бар", - дейді ол.

Мараттың сөзінше, үстел теннисі арнайы дайындықты талап етпейді. Яғни, кез келген зағип жан бұл спорт түрімен айналыса алады. 



"Әрине, нәтижеге жету үшін кез келген спорт түрі сияқты тұрақты дайындық қажет. Үстел теннисінің медициналық тұрғыда шектеуі жоқ, жас талғамайды. Яғни, жастар да, жас мөлшері үлкен азаматтар да шектеусіз айналыса алады. Ойын өте тартысты, әрі қызықты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тыңдау қабілетін, реакция, тез ойлау қабілетін, есту қабілетін дамытуға көмек береді. Адамдар шын көңілмен ойнап, жаңа эмоция алады.  Көбіне оларды үстелден ажырату қиын болып қалады. Қайта-қайта ойнай бергілері келеді. 

Мәселен, жақында Нұр-Сұлтан қаласында болдық. Ол жерде тіпті 1, 2-сыныптың кішкентай оқушыларына дейін үлкен қуанышпен ойнады.  Осыдан-ақ футбол, теннис сияқты спорт түрлері зағип жандар үшін қол жете бермейтін спорт түрі екендігін байқауға болады. Бұл жерде олар толыққанда ойнауға, эмоция сезінуге мүмкіндік бар. Бір сөзбен айтқанда, ойыннан ләззат алды. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар осы спорт түрі арқылы сәл де болсын өмірге деген құлшынысы артып, тек алға ұмтылуға талпыныс жасайды", – дейді ол.

Алайда клубында ойын үстелдерінің жетіспеуіне қатысты мәселе бар. 

"Мұндай үстелдер арнайы тапсырыспен жасалады. Бағасы қымбаттау. Себебі қарапайым үстел теннисіне арналған үстелден айырмашылықтары бар.  Яғни шар үстелден шығып кетпеуі үшін арнайы борттары, қақпалары, ракеткалары болады. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған халықаралық ұйым бекіткен арнайы стандарттары бойынша әзірленеді. 

Қызығушылық танытып, үстел теннисін үйренуге ниет білдірушілердің саны өте көп. Алайда лайықты деңгейде дайындық жасап, түрлі жарыстар ұйымдастыру үшін менің қолымда тек бір ғана үстел бар.  Мұны қазіргі таңда басты қиындық тудырып отырған мәселе ретінде қарастыра аламыз. Сонымен қатар дайындық жүргізу үшін арнайы бөлме қажет. Менің клубым қазір гаражда орналасқан. Ал бұған арнайы тыныш бөлме керек. Себебі спортшылар тек дыбысқа сүйеніп ойын ойнайды.

Қаржылық тұрғыда қолдаудың болмауы бұл мәселелердің шешімін кейінге қалдырып, қолбайлау болып тұр. Осы жылдар ішінде Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Алматы, Нұрсүлтан секілді ірі қалаларда осындай арнайы үстелдер орнаттық", - дейді ол. 

Марат Қожахметов, жеке архивтен

Мараттың айтуынша, көру мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қарым-қатынасқа түспегендер оларға әлеуметтік, медициналық тұрғыда қиындықтары бар, мүгедек, мүмкіндігі шектеулі, өмірге деген құштарлықтары жоқ адамдар ретінде қарайды. Алайда оның сөзінше, бұл қате пікір. 

"Шындап келгенде, зағип жандар өте белсенді, көбісі жоғары оқу орнын тәмамдап, білім алған. Қазір жастардың көпшілігі көптеген спорт түрлерімен айналысып, жетістіктерге жетіп жатыр. 

Зағип жандардың арасында музыкаға бейім, қабілетті адамдар көп кездеседі. Бірі ән айтса, енді бірі аспап та ойнайды. Себебі зағип жандарда тыңдау, есту қабілеті жақсы дамыған. Алайда олардың арасында музыканттар көп, массаж, не болмаса спорттың түрлеріне ден қойғандар дакездеседі", -  дейді ол. 

Марат Қожахметов, жеке архивтен

Үстел теннисімен айналысуды көздеген кез келген зағип жан өзіне ыңғайлы уақытқа дайындық уақытын белгілей алады. Бұл спортпен шұғылдану қолжетімді дейді Марат.

"Біздің спорт түрі паралимпиадалық спорт түрлерінің қатарына кірмейді. Сол себепті де әзірге  үкіметтен, басқа да  мекемелер тарапынан заңды түрде қаржыландырылмайды. Тіпті турнир, жарыстарды да жұбайым екеуіміз өз күшімізбен ұйымдастырамыз.  

Алдағы уақытта республикалық жарысты бір жылда бір рет, ал қалалықты тоқанына бір ұйымдастыру жоспарда бар. Осы арқылы қатсушылардың құлшынысын арттырғым келеді. Әрине, демеушілерден ұйымдастыру, үстелдерді тасымалдау, жүлделі орындарды марапаттау  үшін қаржылық жағынан қолдау сұраймыз. Алайда нақты, тұрақты түрде қаржылық қолдау жоқ. Болашақта зағип жандарға арнал үстел теннисі федерациясын құрғымыз келеді. Сол арқылы үкіметтің бізге назары ауады деген үміттемін. Сондай-ақ тұрақты түрде спонсор болатын мекемелер табылады деген ойдамын",  –  дейді зағип жандарға арналған үстел теннисті клубының иесі.

 

 

Маратпен байланыс үшін: 

Телефон және ватсап,

+7 776 104 02 94 
пошта: [email protected]

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр