"ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодор" компаниялары біріктірілді
Елімізде "ҚазАвтоЖол" мен "Қазақавтодор" компанияларын біріктірілді. Бұл республикалық маңызы бар тас жолдарды тәулік бойы қамтамасыз етуде жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді деп күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент қос компанияны біріктіру туралы тапсырма берген. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қаулы жобасын дайындады.
Жобада "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы "Казахавтодор" ЖШС-дағы мемлекеттік үлесті сатып алу жолымен ұлттық компанияны Бірыңғай автожол операторы ретінде қайта құру қарастырылды. Атап айтқанда, аталған компаниялардың облыстық филиалдарының әкімшілік-басқару персоналын қысқарту жолымен біріктіру және қайталанатын функцияларды қысқарту.
"Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді", – деп атап өтті Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.