Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтың Анджелинасы": Желідегілер Қайраттың әйелін танымал актрисамен салыстырды

Қайрат Нұртастың әйелі жаңа образымен жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жаңа образын көрсетіп мақтанды. Ол шашын қысқа етіп кесіп, қатты боянып алған. Табиғи сұлулықты ерекше бағалайтын Қайрат Нұртастың әйелінің пікірі өзгерген сияқты.

"Табиғи сұлулық бояудың астында қалды", - деп жазды ол. 

Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл жазбасын көрген желідегілер актрисаның жаңа образына баға беріп, пікірлерін ортаға салды. Көп адамға Әбдікәрімованың жаңа бейнесі ұнап қалған. 

"Мықты", "Өте әдемі, сізге қатты жарасады", "Өзіне сенімді әйел. Әдемі, бақытты, сүйікті жар, аяулы ана", "Құдай-ау, кімнің әйелі екен", "Барлық образда әдемі", "Актриса ғой, жаңа образы әсерлі", "Қазақтың Анджелинасы", - деп жазды жұрт.

Жұлдыз Әбдікәрімованы жақтағандармен қатар, образын ерсі көргендер де бар. Олар өнер иесін жаңа имиджің сені үлкен көрсетеді деп сөккен. Тіпті кейбірі Қайрат Нұртастың әйелін түлкіге ұқсатыпты.

"Бұрынғы түріңіз әдемі. Мына образбен түлкі сияқты болып қалыпсыз", "Бұл образ сізді үлкен көрсетеді. 40 жаста сияқтысыз", "Табиғи сұлусыз сіз. Бетіңізге бес тонна крем жағудың не керегі бар", - десті жұрт.

Талқылау