Қазақстанның шығысында қар жауды
Бүгін еліміздің шығыс өңірінде алғашқы қар жауды. Түске дейін Семей қаласында қар жауса, Өскеменде жаңбыр соңы түстен кейін жапалақтаған қарға ұласты. Бұған дейін өңірдегі қыстың алғашқы хабаршысы болған ақ қар таулы жерде ораласқан Риддер қаласына түскен еді.
Бұл туралы “Егемен Қазақстан” газеті жазды.
“Қазгидромет” сайтының мәліметінше, Өскеменде ертең де қар жаумақ. Облыс орталығында ауа температурасы күндіз +4; +6 градус, ал түнде 0; +2 градус болады деп күтілуде. Жексенбіде күн райы ашық болғанымен, түнде ауа райы -2 градусқа дейін төмендемек.
Айта кету керек, қаладағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылу жүйесіне толығымен қосылып үлгерген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанның кей өңірінде қар жауады
Сот Атырау облысы тұрғынының балаларын намаз оқуға мәжбүрлеуіне тыйым салды
Алматы зообағындағы жирафты біреулер улап өлтірген болуы мүмкін
Талқылау

Түнгі ауысымдағы жұмыс: Қызметкерлерге еңбекақы қалай төленуі керек және қандай құқықтары бар
Ауысым арасында демалыс ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауы қажет

"Артында төрт баласы қалды": Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр
Қаңтар құрбанының жұбайы енді әкімдіктердің табалдырығын тоздырып жүр