Ақтөбе облысында әскерде аяусыз соққыға жығылған жігітті әке-шешесі үйінде кісендеп ұстап отыр (фото)

Жұма, 7 Қазан , 2016 23:40

Ақтөбе облысында 25 жастағы зіңгіттей жігітті әке-шешесі кісендеп ұстап отыр. Өйткені Азамат Боқанов талмасы ұстағанда ешкімге бой бермейді. Өзінің не істеп, не қойғанын да білмейді екен. Тіпті жақында әкесінің саусағын шайнап тастаған деп хабарлайды КТК.

ьотим

Ол мұндай дертке әскерде жүргенде шалдығыпты. Өзінің айтуынша, сол жақта сарбаздар жабылып ұрған. Кейін басшылары талмасы бұрыннан бар деген желеумен үйіне шығарып салған көрінеді.

Құмсай ауылында тұратын Боқановтар отбасы 25-тегі ұлын дәрменсіздіктен байлап ұстауға мәжбүр. Зіңіттей жігіт талмасы ұстаған сәтте ешкімге әл бермей кетеді. Жақында тіпті әкесінің саусағын шайнап тастаған.

“Анда-санда «көтеріледі». Сол көтерілген кезде көшеге шығып біреуге зияны тиіп кете ме деген ой болды . Аяқ-қолы байлаулы тұрады. Сонда да сол саусағымды тістеп алды”, – дейді әкесі Нұнбай Боқанов.

ьтрпима

Азаматты ата-анасы бір сәтте көзден таса қылған емес. Өзі де ауладан әріге шықпай, күндіз жақындарына қолғабыс беріп жүреді. Тек түнде бұл шаңырақтың тыныштығы қашады. Азамат көтерілгенде не істеп, не қойғанын білмейді.

“Күндіз дені сау адам құсап жүремін. Әке-шешемнің қасында жатамын құттай бала сияқты. Былай-былай шыға да алмайсың. Шаршадым.Түсінбеймін. Емделгім келеді”, – деді Азамат Боқанов.

Бұл дерт жігітке әскерде тап болған. Ауыр соққы алған күні алғаш есінен танады. Үшаралдағы бөлім басшылары төбелес болғанын жасырып, оны эпелепсиямен ауырған деп еліне шығарып салған көрінеді.

рттр

“Бесеуі жабылды. Төбелес қалай аяқталғанын өзім де білмей қалдым. Таңертең казарма ішінде жатырмын. Тұла бойым, аяқ-қолым тартылып”, – деді ол.

Отан қорғаймын деп барып, ауру жамап қайтқан ұлының болашағына ата-анасы алаңдайды. Көтерілгенде аласұратын онымен арпалысып өздері де шаршаған. Осы күнге дейін көрсеткен мамандардың ешбірі нақты диагнозды қоя алмады. Тіпті жындыханаға жатқызған. Ондағылар сау деп шығарып салыпты.

“Жылап-еңіреп әкесі екеуміз бармаған жеріміз жоқ. Ресейге дейін бардық осыған бір шипа іздеп. Біз баламызды армияға ауру боп қайтсын деп жібермеген едік”, – дейді Боқановтың анасы Зылиха Смағұлова.

Бұл отбасы емші десе елеңдеп, ұлдарының дертін анықтайтын маман іздеп отыр. Аймақтағы денсаулық сақтау басқармасындағылар ем-домымен айналысамыз деп уәде етті. Десе де, осындай жағдайға тап қылған әскерилердің әрекеті кеш болса да жауапсыз қалмаса деп тілейді ата-анасы.

Сот Атырау облысы тұрғынының балаларын намаз оқуға мәжбүрлеуіне тыйым салды

Ақтөбені қанға бояған террористердің ісі сотқа жіберілді

Алматыда қыз жүкті екенін жігітінің көлігіне жазып кеткен (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бауырымызға обал болды, Алла шйпасын берсін.

  • Анонимно says:

    бұрын ксро кезінде де ағалар қызмет етті отанға,бірақ мұндай жағдай болмаған. сол ағаларымыз əр түрлі ұлттың өкілдерімен бір нанды бөліп жеген. ал қазір не бір қазақ бір бірін соққыға жығу өлтіру. маняк тура . ертең кім болып шығады. əскерге жібергенше ол уақытты үйіне пайда келтірсін. ата анасына айтарым білікті нейрохирург маманға мрт түсіру керек. невропатолог қабылдауына болуы керек. сауығып кетсін. алла шипасын берсін. əскери бөлімдердің кейбірінде тәртіп мүлдем жоқ.200%гарантия.

  • Анонимно says:

    Қазақтар қумаңдаршы қайдағы жын! Қайдағы молдаға апару керек? Оған тек əскердегі соққыға жыққан жігіттер кінəлі Миынан зақым алған ғой! Жақсы дәрігерлерге көрсету қажет!

  • Анонимно says:

    Жын болуы мумкин ойткени олар Акшам намазынан кеин шыгады екен казармада тобелестен кеин тунде калып койган таза жер емес сонда кагып кеттима билмеймиз гой жаксы молдага апарсын .Аллах шипасын берсин. Аскерге жиберуге коркатын болдыккой. Ел коргасын деп жиберип ауру немесе олип келеди. Сол жогарысында отыргандар не битиреди екен. Барин бир Аллага тапсырдык оздерининде басына келеди гой. Аллах асыкпайды. ..

  • Анонимно says:

    Сауыгып кетсин,брак ата-аналары ундемей калмауы керек ,осындай куйге апаргандар жазаларын зан жузинде АЛУ керек

  • Анонимно says:

    Арал ауданында Аййда деген емши бар емдеп беретинине 100% сенимдимн оз басым осындай жағдайда сол емшиге бардык казир Кудайга шукир жаксымыз

  • Анонимно says:

    Менинде иним армияга барып сокыдан басына закым келип 1жыл болмаи джезефриния деген диягз коип уиге каитарды келгенде инимди танымаи калдым отан коргау ушин жберемз сап сау адамды ауру кылып каитарат инимди алып келген офицер бизден бизден жалыбмз жок деген туснктеме жазып берумзди сурап олп барат биз ештене блмимз деп сонда ким жауап берет инимнин ози кналиме отан корга барганы ушин жиберген биз кналмзбе деген сурактар мазалаиды

  • Жұмбақ жан says:

    Молдага корсету керек жын кирген шгар мумкин Рустам акага арару керек зианы жок

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар