Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы зообағындағы жирафты біреулер улап өлтірген болуы мүмкін

Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі жирафтың өліміне қатысты болжамдарымен бөлісті.

орпа

Фото: myfoto.kz

Алматы хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Тоқтар Әлиевтің хабарлауынша, зообақ қызметкерлері ұзын бойлы керікті біреулер улап өлтірді деген байламға келген. Өйткені, жирафтан оның алдында еш ауру белгісі байқалмаған.

“Егер сараптама қорытындысы біздің болжамдағыдай болып шықса, онда біз қылмыстық іс қозғауға шағым түсіретін боламыз”, – деді Әлиев.

Бұған дейін Алматы хайуанаттар бағындағы екі жасар Мелман атты жирафтың 5 қазан күні өліп қалғаны айтылған еді.

Талқылау