Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Атырау облысы тұрғынының балаларын намаз оқуға мәжбүрлеуіне тыйым салды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баланы намаз оқуға мәжбүрлеу қателік, құлшылық жасауға әр адам ерікті түрде келуі керек дейді.

10559464

Бұл туралы Sputniknews хабарлайды.

Оқиға ер адамның бұрынғы әйелін сотқа беруінен басталған. Ол балаларды көруге рұқсат етпейді деп шағымданыпты. Сот барысында олардың ажырасқаны, 2 және 4 жастағы балалары бар екенін анықталды. Ажырасуға екеуінің екі түрлі діни көзқарасы себеп болған. Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі балалардың туған күн, жаңа жыл мерекесін тойлап, теледидар көруіне тыйым салып, намаз оқуларын талап еткен. Сол себепті әйел балаларының күйеуінде қалуына қарсы болған.

Сот нәтижесінде ер адам мен оның туыстары балаларды демалыс күндері сағат тоғыздан алтыға дейінгі аралықта көріп тұра алатын болды. Ол өз кезегінде алимент көлемін арттырып, балаларды намаз оқуға итермелемейтінін айтты.

“Менімше туған күнді тойлауда тұрған ештеңе жоқ. Бұл адамның өмірге келіп, Алланың оған есік ашқан к.ні”, – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров. Ол теледидар көруге қарсылық дегенді де қолдамайтынын айтты.

“Балалар әлемді танысын. Әрине, белгілі бір бағдарламаларға қатысты шектеу қоюға болады. Бірақ, барлық канал мен бағдарлама баланың танымына қайшы келуі мүмкін емес қой. Бұл жерде бақылау болу керек”, – деді ол.

“Хадисте айтылған: Балалар ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата алатын жасқа келген кезде ғана намаз оқу керек деп. Намазды мәжбүрлеп оқытуға болмайды”, – деп атап өтті Оңғаров. Ол баланы дін жолына түсуге мәжбүрлеу кері жағымсыз нәтижесін беруі мүмкін деді.

Оқи отырыңыз:

Павлодарлық ақсақал “сүйіктісінің” кесірінен 15 жылын жындыханада өткізген

АҚШ-та ұшты-күйлі жоғалған жігіттің ата-анасы ұлдарына 5 жылдан соң ғана іздеу салды

Оралда студент қыз ұялы телефоны жарылып ауруханаға түсті

Талқылау