Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда көпбалалы отбасы газдан уланып қалды: бес бала жан сақтау бөлімінде жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында 9 адам газдан уланып қалды. Барлығы қазір ауруханада жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: xacavurt.ru

Бір отбасының тоғыз адамы, анасы мен сегіз балаға Айыртау ауданы Антоновка ауылындағы үйде иіс тиген. 

Барлығы Айыртау аудандық ауруханасына жеткізілді. Оларға көміртегі тотығымен улану диагнозы қойылған. Бес баланың жағдайы ауыр. Жан сақтау бөлімінде жатыр. Үшеуі балалар бөлімінде, олардың жағдайы орташа. 1990 жылы туған әйел терапия бөліміне жатқызылды, жағдайы орташа, – деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Зардап шеккен балалардың жасы 5-15 аралығында. 

25 сәуір сағат 11.00-де Айыртау аудандық ауруханасына көміртегі тотығымен улануға шағымданғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл хабарлама ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Кеше Шымкентте 22 адам жолға төгілген белгісіз сұйықтықтан уланғанын жазған едік. 

Талқылау