Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шпагашыларымыз Франциядағы әлем кубогіне қатысады

Шпагамен семсерлесуден Франциядағы әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

17-19 мамыр күндері Францияның Сен-Мор қаласында шпагамен семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогі кезеңі өтеді. Әлемнің ең үздік спортшылары сынға түсетін додаға Қазақстан құрамасының да үздіктері қатысады. Спортшыларды кеңесші-бапкер Ференц Тот пен мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов бастап апарады. Франция төрінде ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың тізімін ұсынамыз:

Руслан Курбанов

Эльмир Алимжанов

Ерлік Сертай

Вадим Шарлаимов

Кирилл Павлов

Никита Жулинский

Александр Федотов

Айта кетейк, бұған дейін отандық шпагашылар Колумбияның Кали қаласында өткен Гран-при турниріне қатысқан еді. 

 

Талқылау