Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан полициясы күшейтілген режимде қызмет істеуге көшті

Қазақстан полициясы мереке күндері күшейтілген режимге көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ІІМ 

Ішкі істер министрлігі мәлім еткендей, мереке күндері – 6-9 мамырда полиция қызметкерлері құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген жұмыс режиміне ауысады. 

“Республика бойынша 21 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары қызмет етіп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, биыл қазақстандықтар Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 7, 8 және 9 мамырда демалады. 10 мамыр жұмыс күні, 11-12 мамыр қазақстандықтар демалады.

Бұған дейін 8 мамыр демалыс күні болып бекітілген еді. 

Талқылау