Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тумасы Джефф Безостың тойында фотограф болған

джеф безостың фотографы

Фото: Stan.kz коллажы

Қазақстанда туған фотограф Герман Ларкин миллиардер Джефф Безос пен Лорен Санчестің үйлену тойын түсіргені туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Le Point басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Германның айтуынша, ол Amazon негізін қалаушы мен оның қалыңдығымен Met Gala кешінен кейін Дуа Липаның кешінде танысқан. Кейінірек ол Кэти Перридің туған күнінде жұппен қайта кездесіп, ұсыныс білдірген. Сөзінше, жігіт жұптан тойға фотограф тапты ма деп сұраған. Бірнеше айдан кейін олар Ларкиннің ұсынысын қабыл алды.

"Мен Семейде туып, 13 жасыма дейін сонда тұрдым. Содан кейін Ресейдегі университетке түстім, онда бір жыл оқыдым, одан кейін серіктесім Вася екеуіміз сән және сән-салтанат саласында коммуникация және маркетинг мамандығына оқуға түстік. Біз университетті тастап, Миланда беделді университет болып саналатын Боккониге түстік", – деді фотограф. 

Ларкин Анджелина Джоли, Белла Хадид сияқты атақты адамдармен жұмыс істеген. Біраз уақыттан кейін ол атақтылардың жұлдыздардың үйлену тойларын суретке түсіре бастады.

Герман бірнеше үйлену тойында фотограф болған:

Китти Спенсер (Диана ханшайымның жиені) және Майкл Льюис;
Никола Пелтц және Бруклин Бекхэм;
Пэрис Хилтон және Картер Реум;
София Ричи және Эллиотт Грейнж;
Даша Жукова және Ставрос Ниархос;
Наталья Водианова және Антуан Арно.

"Мен Пэрис Хилтонның, Китти Спенсердің, кіші Эли Саабтың (дизайнер Эли Саабтың ұлы), Даша Жукованың, Наташа Водианованың неке қию сәтін және басқалардың үйлену тойын суретке түсірдім", – деді Герман.

Сонымен қатар ол Met Gala-да фотограф болған және Сауд Арабиясы ханшайымының үйлену тойын түсірген.

Еске салсақ, миллиардер Джефф Безос пен сүйіктісінің тойы Венецияда өткені айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 08 Шілде, 2025 09:36
Талқылау