Қазақстанның бас прокуроры аты шулы істердің жүргізілу барысын Тоқаевқа баяндады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндалды. бас прокурор төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.
Қазақстан президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ