Қазақстандық спортшылар Универсиада-2017-де қанша табыс тапты?
28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиада Қазақстан спортшылары үшін ең табысты студенттік жарыс болды. Біздің спортшылар жалпы саны 36 жүлде еншілеп, жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Бұл туралы kaz.vesti.kz хабарлайды.
Универсиада бәсекесінде оза шапқан студент спортшылардың барлығына ақшалай сыйақылар табысталады. Алтын алғандар 4,9 миллион теңге, күміс жүлдегер 3,3 млн теңге, ал қола жүлде алғандар 1,6 млн теңге сыйақыға ие болмақ. Одан бөлек, спортшылары жүлдегерлер қатарына іліккен бапкерлер де құр қол қалмайды.
Жалпы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 36 жүлде: 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жүлде жеңіп алды. Сөйтіп командалық есепте тек Ресейді алға жіберіп, екінші орынға тұрақтады.
Алтын медаль жеңіп алған спортшылар үшін 63 миллион 700 мың теңге, күміс медаль алған спортшылар үшін 125 миллион 400 мың теңге, қола жүлдегерлер үшін 40 миллион теңге мемлекет қазынасынан бөлінетін болады. Яғни, спортшылар үшін 229 миллион 100 мың теңге төленеді. Дәл осындай көлемде спортшылардың жаттықтырушылары да сыйақы алады. Барлығын қоса есептегенде мемлекет тарапынан сыйақыға 458 миллион 200 мың теңге бөлінетін болады.
Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар арасында ең көп сыйақыны Галина Вишневская алады. Бұл спортшының Универсиада ойындарындағы сыйақысы (екі алтын, екі күміс) 16 миллион 400 мың теңгеге тең келеді.
Сыйақы мөлшері бойынша екінші орында Анна Шевшенко. Ол 13 миллион алады. Шаңғышымыз бәсеке барысында төрт жүлде: алтын, күміс және екі қола жеңіп алды.
Фристайлшы Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышевалардың сыйақысы 9 миллион 800 мың теңге. Бұл екі спортшы Универсиадада екі алтын жеңді.
Оқи отырыңыз:
Головкиннің Джейкобстен кейін кіммен кездесетіні белгілі болды
Универсиаданың ашылуына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды