Роналду 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін үйленеді
Роналдудың шаңырақ көтеруі туралы ақпаратты басылым футболшының жақын туысқандарының сөзіне сүйене отырып хабарлаған.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Танымал футболшы Криштиану Роналду 2018 жылы үйленеді. Роналдудың шаңырақ көтеруі туралы ақпаратты басылым футболшының жақын туысқандарының сөзіне сүйене отырып хабарлаған. Шабуылшы Ресейдегі әлем чемпионатынан кейін үйленуді жоспарлап отыр екен.
Мадридтік клубтың көшбасшысы Джорджина Родригеспен отау тікпек. 21 жастағы испан сәнбикесі Роналдудың анасының көңілінен шыққан. Баласының да тілін таба біледі екен. Айта кетейік, Роналду мен Джорджина Родригес 2016 жылдың ең үздік футболшысын анықтайтын салтанатты кешке бірге келген еді.
Жіберіп алмаңыз:
Сабина Алтынбекова Универсиада алауын ұстаудан бас тартты
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"