Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Месси өзінің туған күнінде үйленетін болды

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы мен “Барселонаның” шабуылшысы Лионель Месси 8 жылдық азаматтық некеден кейін Антонелла Рокуццомен ресми түрде үйленетін болды.

87897

Бұл туралы испан басылымдары хабарлайды.

Салтанатты той 24 маусым Мессидің туған күнінде жасалмақ. Некелесу рәсімі Месси мен сүйіктісі туып-өскен Росарио қаласында кафедралдық соборда өткізіледі. Одан кейін думанды рәсім Арройо-Секо демалыс орынында жалғаспақ.

Месси өзінің отбасы мүшелері, жақын достары мен футбол жұлдыздарын қоса есептегенде 700-ге жуық қонақ шақыруды жоспарлауда.

Лионель мен Антонелла бала кезден таныс. Олар 2009 жылдан бастап кездесе бастаған. Қазіргі таңда жұп Тьяго және Матео есімді екі ұл тәрбиелеп отыр.

Еске сала кетейік, Месси жақын арада “Барселонамен” жаңа келісім-шартқа отырады деп күтілуде. Осыдан соң ол әлемдегі жалақысы ең жоғары футболшыға айналуы мүмкін.

Бұған дейін Мессидің жейдесін қолдан пакеттен жасап киген ауғанстандық Мұртаза Ахмади ақыры өз арманына жетіп, өзінің кумирімен кездескені туралы жария еткен едік.

Оқи отырыңыз:

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақының көлемі белгілі болды

Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Талқылау