Месси пакеттен жейде жасап киген ауғанстандық баламен кездесті (видео)
Аргентина ұлттық құрамасы мен “Барселонаның” шабуылшысы Лионель Мессидің жейдесін қолдан пакеттен жасап киген ауғанстандық Мұртаза Ахмади ақыры өз арманына жетіп, өзінің кумирімен кездесті.

Месси өзінің кішкентай жанкүйерімен бір жыл бұрын кездесуге уәде берген еді. Бұған дейін балақай Мессидің қолы қойылған жейдесіне де қол жеткізген.

Балақай мен Мессидің кездесуін Ауғанстан футбол федерациясы мен “Барселонаның” жанкүйерлері ұйымдастырған.
Бұған дейін Месси іздеген бүлдіршіннің қайдан табылғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.
Оқи отырыңыз:
Футбол тарихындағы ең қитұрқы пенальти желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады